Мамандар бір айдың ішінде құрылғыдағы ақпараттар арқылы тікұшақтың қалай істен шыққанын, экипаж командирінің байланыста болған-болмағанын, жалпы қайғылы оқиғаның қалай орын алғанын анықтауы тиіс еді. Бірақ ресейліктер тікұшақтың тарихы туралы қосымша мәлімет қажет депті. Зерттеу қорытындысы енді ай соңына дейін шегеріліп отыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 24-ші қарашада Алматы облысында «ЕврАзияЭйр» компаниясына тиесілі әуе көлігі Үшарал-Достық аумағындағы мұнай құбырын әуеден бақылауға шығып, Алакөл ауданында ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын. Іздестіру тобы тікұшақ қалдықтарын тек 5 тәуліктен кейін тапты. Борттағы 8 адамның барлығы бақилық болған.