МИ-8 тікұшағының жоғалғанына бесінші күн болды
![]() |
Тікұшақтың жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, |
деп хабарлады ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Еуразия Эйр» авиакомпаниясына тиесілі Ми-8 тікұшақты іздестіру үшін 54 адамнан құрылған арнайы іздестіру-құтқару тобы құрылды. Іздестіру жұмыстарына 4 тікұшақ, сондай-ақ жерүсті және су техникасы, жергілікті елді мекендердің тұрғындары жұмылдырылған.
Қабылданған шаралар әзірге нәтиже бермей отыр.
Қазіргі уақытта ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың басшылығымен іздестіру және құтқару бойынша үйлестіру орталығы жұмыс істеуде.
Жерүсті іздестіру шараларын жандандыру, іздестіру топтарын арттыру, әскери құрылымдарды тарту шешімі қабылданды.
«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК АҚ арқылы іздестіру аумағын ғарыш серіктері арқылы түсіруге тапсырыс берілді.
Орын алған оқиғаның қоғамды алаңдатқанына байланысты ағымдағы жылдың 27 қарашасында тікұшақтың жоғалу фактісі бойынша көлік прокуратурасымен қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істі тексеру көліктегі ішкі істер органына тапсырылды. ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті басшысының бұйрығымен жедел-тексеру тобы құрылды.
«Тікұшақты іздестірудің ұзақ уақытқа созылу себебі әуе кемесінде автоматты апаттық радиомаяктың болмауы», - деді Бас көлік прокуроры Ибрай Тілеуғалиев.
Бақылау органының пікірінше, барлық тікұшақтар кем дегенде бір радиомаякпен қамтамасыз етілуі тиіс, бұл халықаралық Конвенцияға сәйкес келеді. Алайда бұл елдің қалыпты ережесінде орын таппаған.
«Мен көлік прокурорларына жедел органмен бірлесіп Қазақстанның аумағында пайдалануға берілетін барлық тікұшақ парктерін тексеруді тапсырдым», - деді И. Тілеуғалиев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін