МИ-823 тікұшағын іздеу жұмыстары қайта жалғасты
![]() |
Дүйсенбі күні таңғы сағат 8-ден бастап Алматы облысының Алакөл ауданында «ЕуроАзияЭйр» ЖШС иелігіндегі жоғалып кеткен МИ-823 тікұшағын іздеу жұмыстары өткізілді, |
деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.
Достық стансасынан Алакөл көлінің оңтүстік-шығыс жағалауына дейін ұшу болды, алайда шектеулі көрінушілікке байланысты бөлшектеп қарап ұшу өткізілмеді. ШҚО аумағын зерттеумен құбыр бойынша, Жоңғар тауларының етегінен «Ырғайты» асуына дейінгі жерлер қаралды, одан кейін барлық шатқалдар, оның ішінде Сарыбөктер, Селті учаскелерінен ҚХР шекарасына дейінгі жерлер қаралды. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.
Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның бір МИ-8 тікұшағы; ҚР ҰҚК Ұшарал шекара жасағының екі МИ-8 тікұшағы қатысты. Іздеу жұмыстары бүгін таңғы сағат 8-де қайта жалғасты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін