МИ-823 тікұшағын іздеуге 4 тікұшақ, жаяу және автомобиль топтары қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МИ-823 тікұшағын іздеуге 4 тікұшақ, жаяу және автомобиль топтары қосылды

МИ-823 тікұшағын іздеуге 4 тікұшақ, жаяу және автомобиль топтары қосылды

ТЖ министрі Владимир Божко осыдан үш күн бұрын Алматы облысында жоғалып кеткен МИ-8 тікұшағын іздеу жалғасып жатыр деп мәлімдеді.

  • 27 Қараша 2012
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Қазір құрамында тікұшақтары бар іздеу топтары жалпы 24 мың шақырымнан астам аумақты тексеріп шықты», — деді ол сейсенбі күні журналистерге.

«Біз іздеу шараларын сенбіден бері жүргізіп жатырмыз. Кеше іздеуге 4 тікұшақ, жаяу және автомобиль топтары қосылды. Халықаралық авиация қауымдастығының талабы бойынша Көлік және коммуникация министрлігі жанынан іздеу жұмыстарын үйлестіру кеңесі құрылды», — деді ол.
«Біз ТЖ министрлігінің барлық күшін пайдаланып жатырмыз. Үшарал ауданында штаб құрылды. Оның жұмысына өрт сөндірушілер, су-құтқару қызметі, ішкі істер органдарының іздеу қызметі жұмылдырылды. Тұрғындардан сұрастырып жатырмыз, прокуратура мен полиция қызметкерлері де жұмыс жасап жатыр», — деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, «Қазтрансойл» компаниясы сүңгуірлерді жұмылдырып жатыр.
«Бүгінгі күннен бастап шағын кемелермен іздейміз, көлден іздейміз. Көлдің ішіндегі шағын көлдер қатып қалды, осы жағы қиындық тудырып отыр. Алакөлдің бетінде жұқа мұз қабаты жатыр, кеше ауа-райы нашарлады. Үшаралдағы жағдай қиын, о жағын өздеріңіз білесіздер», — деп қорытты министр.ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Алматы облысының Алакөл ауданында «ЕуроАзияЭйр» ЖШС иелігіндегі МИ-823 тікұшағының жоғалуына қатысты пайымын жеткізді.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ол, іздеу шаралары сенбіден бастап жүргізіліп жатқандығын баса айтты. Бұған дейін хабарланғандай, тікұшақ Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын әуеден бақылау үшін жалға алынған. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның бір МИ-8 тікұшағы, ҚР ҰҚК Ұшарал шекара жасағының екі МИ-8 тікұшағы қатысуда. Арнайы штаб та құрылған.

«Халықаралық авиация қауымдастығының талаптарына орай Үкіметтің сәйкес қаулысымен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жанынан жоғалған әуе кемесін іздеуді үйлестіру кеңесі құылды», — деді ол.

Оның атап өтуінше, қазірге дейін құтқарушылар тікұшақ құлауы мүмкін аймақтың 24 мың шаршы метр аумағын шолып шықты. Сонымен қатар олар барлық елді мекендердегі тұрғындарды сұрастыру үстінде.

«Қазіргі уақытта біздер суда-құтқару қызметін де тартудамыз. «ҚазТрансОйл» сүңгуірлерді қандай да бір ақпарат болған жағдайға тартуда. Бүгіннен бастап біз өзендерді сүзіп шығуды бастаймыз. Дегенмен шағын өзендердің қатып қалуы қиындық туындатуда. Алакөлде қабыршақ мұз қатты», — деді В.Божко.

Сонымен қатар ол техникалық ақау, ауа райының нашарлауы, төтенше жағдай сынды нұсқалардың да қарастырылып жатқандығын жеткізді.

«Біз барлық нұсқаларды тыңғылықты қарастырудамыз. Жергілікті іздестіру жұмыстарының еш нәтиже бермеуінен біз іздеу аумағын кеңейтудеміз. Бірақ іздеу жұмыстары Қытай аумағында жүргізілмейді. Өйткені шекарада қатаң режім бар», — деді министр.

Ал Интерфакс-Қазақстан агеттігінің хабарлауынша:
ТЖ министрлігі осыдан үш күн бұрын Алматы облысында жоғалып кеткен МИ-8 тікұшағына қатысты бірнеше нұсқаны тексеріп жатыр, деп хабарлайды ведомство басшысы Владимир Божко.
«Біз техникалық ақау, ауа-райының қолайсыздығы немесе тікұшақ экипажы бақытсыз жағдайға ұшыраған болуы мүмкін деген нұсқаларды қарап жатырмыз. Осылардың бәрі де жан-жақты тексерілуде. Өйткені, жергілікті жерден іздеу нәтиже бермеді, іздеу аумағын кеңейтеміз», — деді ол сейсенбі күні журналистерге.
В.Божконың айтуынша, қазір тікұшақ Қытайдың әуе кеңістігіне өтіп кеткен болуы мүмкін деген болжам жасалып отырғанын да жасырмады.
«Әзірге Қытай аумағынан іздеген жоқпыз. Өйткені, шекара тәртібі қатал, біздің қолымызда әуе кеңістігіндегі шекара бұзылды деген дерек жоқ», — деді ол.
Министр тікұшақ бортында маңызды құжаттар болды ма деген сұраққа: «Жоқ, ондай ештеңе болмаған» деп жауап берді.