«2004-жыл қорытындысы бойынша біз мұнай тасымалдау көлемін 2,8 млн. тоннаға жеткіземіз, оның 70 проценті Қазақстан мұнайы, қалған бөлігі Түрікмен мұнайы. 2005-жылы біз тасымал көлемін 3 млн. тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Негізінен тасымал көлемі Қазақстан мұнайының есебінен артады. Егер Құмкөл мұнайы Әзербайжан арқылы тасымалданса, онда өсім бұдан да жоғары болады»,- деді Т.Гезель.
Middle East Petrol компаниясының басшысы компания тарапынан Қазақстандағы бірнеше мұнай өндіруші компанияға ұсыныс жасалғанын атап өтті. «Атап айтсақ, біз Теңіз кенішінен шыққан мұнайды Әзербайжан арқылы транзитті тасымалдау туралы ChevronTexaco компаниясына ұсыныс тастадық. Олар қазір ұсынысты саралап жатыр»,- деді компания басшысы.