Миға операция жасаған дәрігерлер саксофон қолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Миға операция жасаған дәрігерлер саксофон қолданды

Миға операция жасаған дәрігерлер саксофон қолданды

Испанияның Малага қаласында миға операция жасаған хирургтар саксофон қолданыпты. 12 сағатқа созылған операция кезінде науқас ояу жатып, саксофон ойнап шыққан. «Бұл – оның есту, сөйлеу және қозғалыс қабілетін тексеру үшін жасалған шара», - дейді дәрігерлер. Бас миынан пайда болған қатерлі ісік 27 жастағы жігіттің музыка қабылдау қасиетіне нұқсан тигізе жаздаған. Бірақ тығырықтан шығудың жолын іздеген мамандар ақыры соңында індеттің бұл түріне тың ем тапқан. Олардың айтуынша, бұндай операция Еуропада алғаш рет жасалып отыр. Гильермо Ибанез, нейрохирург: - Емделушінің саксофонда ойнағаны оперцияның сәтті өтуіне зор көмегін тигізді. Осылайша, біз операция барысында оның есту қабілетін бақылай алдық. Сондай-ақ қозғалысқа жауапты бас ми қабығына зақым келмеуін де қадағалап отырдық. Карлос Агилера, емделуші: - Осыдан екі ай бұрын аурудың салдарынын мен төсек тартып қалған едім. Бірақ қазір жаңа белестерді бағындыруға дайынмын. Өзімді өмірге қайта келгендей сезінемін. Менің сөйлеп тұруымның өзі жағдайымның жақсарып бара жатқанын дәлелдейді. Сондықтан барлықтарыңызға рақмет!

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 594
Фото - Caravan.kz

Испанияның Малага қаласында миға операция жасаған хирургтар саксофон қолданыпты. 12 сағатқа созылған операция кезінде науқас ояу жатып, саксофон ойнап шыққан. «Бұл – оның есту, сөйлеу және қозғалыс қабілетін тексеру үшін жасалған шара», — дейді дәрігерлер. Бас миынан пайда болған қатерлі ісік 27 жастағы жігіттің музыка қабылдау қасиетіне нұқсан тигізе жаздаған. Бірақ тығырықтан шығудың жолын іздеген мамандар ақыры соңында індеттің бұл түріне тың ем тапқан. Олардың айтуынша, бұндай операция Еуропада алғаш рет жасалып отыр. Гильермо Ибанез, нейрохирург: — Емделушінің саксофонда ойнағаны оперцияның сәтті өтуіне зор көмегін тигізді. Осылайша, біз операция барысында оның есту қабілетін бақылай алдық. Сондай-ақ қозғалысқа жауапты бас ми қабығына зақым келмеуін де қадағалап отырдық. Карлос Агилера, емделуші: — Осыдан екі ай бұрын аурудың салдарынын мен төсек тартып қалған едім. Бірақ қазір жаңа белестерді бағындыруға дайынмын. Өзімді өмірге қайта келгендей сезінемін. Менің сөйлеп тұруымның өзі жағдайымның жақсарып бара жатқанын дәлелдейді. Сондықтан барлықтарыңызға рақмет!


Соңғы жаңалықтар