"Мигрант" шарасының барысында 8,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мигрант" шарасының барысында 8,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

"Мигрант" шарасының барысында 8,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26-қазаннан бері "Мигрант" шарасының барысында тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзуға байланысты 8580 адамды, соның ішінде алыс шетелдерден келген 617 адам мен ТМД елдерінен келген 7963 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Қазан 2005
  • 374
Фото - Caravan.kz

Соттардың шешімімен 1274 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Олардың 97-сі алыс шетелдерден, 1177-сі ТМД елдерінен келгендер.

Сонымен бірге 2 мыңдай азаматтар мен лауазым иелері құжаттары жоқ немесе тіркеусіз адамдарды тұрғызғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал 964 азамат шетелдіктерді қабылдап алу жөніндегі міндеттемесін орындамағаны үшін, 215 адам шетелдерден жұмыс күшін тарту және оларды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеді.
Сонымен бірге «Мигрант» шарасының барысында іздеуде жүрген 85 қылмыскер ұсталды. Олардың арасынан 4 адам кісі өлтіргені, 1 адам қарақшылығы үшін іздеуде болған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Мигрант» шарасы 1-қарашаға дейін созылады.

Перейти к новостям спорта