Мигранттар құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы күшіне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мигранттар құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы  күшіне енді

Мигранттар құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы күшіне енді

1-шілдеден бастап еңбекші мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқығын қорғау жөніндегі БҰҰ-ның конвенциясы күшіне енді. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сайтында жарияланды.

  • 2 Шiлде 2003
  • 1302
Фото - Caravan.kz

Конвенция бір елден екіншісіне қоныс аударушылардың негізгі құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Халықаралық көші-қон жөніндегі Ұйымның баспасөз хатшысы Ниурки Пинейроның айтуынша, Конвенцияны 21 мемлекеттің бекітуіне 12 жарым жыл жұмсалған. Алайда аталмыш құжатты жоғары өркениетті өнеркәсіптік мемлекеттердің бір де біреуі бекітпеген көрінеді. Ал мигранттардың басым көпшілігі осындай елдерге көшетіні белгілі.
БҰҰ-ның мәліметіне жүгінсек, бүгінде 175 миллион адам өздерінің кіндік қаны тамған жерлерден тысқары өмір сүреді. Бұл осыдан 30 жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе артық. Ал Ресей Федерациясында 13 миллион мигрант тұрады. Бұл — тұрғылықты халықтың 9 процентіне тең.

Соңғы жаңалықтар