Жарияланды: 440

Михаил Кротов ЕҰУ-да дәріс оқиды

Астанаға ресми сапармен келетін ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Бас хатшысы М.И.Кротов 9- маусым күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне арнайы ат басын бұрмақ.

Бас хатшы университетті аралағаннан кейін ЕҰУ студенттері мен оқытушы-профессорлары алдында бүгінгі таңдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының тыныс-тіршілігі мен атқарып жатқан жұмыстары жайлы дәріс оқиды, деп хабарлады аталмыш ЖОО баспасөз орталығы. М.И.Кротов 1994 жылдан бері ТМД елдері Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің Бас хатшысы. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. «Парламентаралық Ассамблея жаршысы» журналының бас редакторы. «Қазіргізаман экономиксының проблемалары» журналында редакция алқасының тең төрағасы. 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін