Михаил Саакашвили өзінің президент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Михаил Саакашвили өзінің президент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді

Михаил Саакашвили өзінің президент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді

Михаил Саакашвили өзінің Грузиядағы президент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді. Республиканың орталық сайлау комиссиясы сайлау парақшаларын санауды одан әрі жалғастыруда,- деп хабарлайды Би-би-си.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 558
Фото - Caravan.kz

М.Саакашвили өзінің бұл мәлімдемесін тәуелсіз бақылаушылар тобының сайлау учаскесінен шыға берісте ұйымдастырған сауалнама қорытындысына негіздеген. Сауалнама қорытындысына сәйкес, оппозициялық партиялардан біртұтас үміткер ретінде аты ұсынылған М.Саакашвили сайлаушылардың 85,8 процент дауысын жинаған. Президенттіктен үміткер басқа 4 кандидат бірлесіп сайлаушылардың 5 процент дауысын да жинай алмады.

Сайлау барысын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропа кеңесі мен ТМД елдерінен жіберілген 450 бақылаушы қадағалады.
Би-би-сидің атап көрсеткеніндей, М.Саакашвили Грузияның негізгі одақтастарының бірі болып табылатын АҚШ-тың қолдауына ие болған батысшыл саясаткер болып саналады. Ол Грузиядағы ахуалға ықпалын тигізетіндей көптеген тетіктерге ие Ресей туралы бірнеше қатқыл мәлімдеме жасаған болатын.
Жаңалықтар таратушы бірнеше портал кеше алғашқылардың бірі болып дауыс берген Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзенің айтқан сөзін келтіруде. Журналистер сауалына жауап берген ол : «Президент болудың жұртшылық алдына шығып жалынды сөздер сөйлеуден әлдеқайда ауыр екенін Мишаның түсінетін сәті де туар»,- деп мәлімдеген.
Батыс басылымдарының жазуы бойынша, Грузияның жаңа президентіне аса қысқа мерзімде бірнеше маңызды міндеттерді шешуге тура келмекші. Олардың арасындағы ең маңыздысы — соңғы кездегі саяси оқиғаларға байланысты бірнеше жікке жарылған Грузин қоғамын біріктіріп бекемдеу, елдің біртұтастығын сақтап қалу мәселесін шешу болмақ. Сарапшылардың пайымдауынша, Грузия экономикасын құлдыраудан құтқару да айрықша маңызды мақсаттардың бірі. Республика басшылығы үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінің де өзектілігі айқын. 2005-жылы Каспий мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесі арқылы тасымалдаудан түскен қаржы Грузияның бюджет қоржынына құйыла бастайтындықтан жемқорлықпен күрестің маңызы ерекше болмақ.

Соңғы жаңалықтар