Миланда қазақ елінің әнұраны шырқалып, көк байрағы желбіреді! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Миланда қазақ елінің әнұраны шырқалып, көк байрағы желбіреді!

Миланда қазақ елінің әнұраны шырқалып, көк байрағы желбіреді!

Миланның орталығында қазақ елінің әнұраны шырқалып, көк байрағы көкте желбіреді. Бұған себеп:еліміздің «Астана» велокомандасы әйгілі «Джиро дИталияда» үздік шықты.

  • 1 Маусым 2011
  • 661
Фото - Caravan.kz

Осымен 94-рет өткен веложарыста жеңімпаз команданың құрметіне әнұран шырқалуы тұңғыш рет. Отандық велоклуб командалық есептетоп жарса, Роман Кройцигер дәстүрлі велотурды алтыншы орынмен аяқтады. Сонымен қатаржарыс қорытындысы бойыншаКройцигер «Джиро дИталияның» үздік жас велошабандозы болып танылды. Жалпы жарыс жолында «Астана» командасының өкілі бір рет қана мәре сызығын бірінші боп кесті. 19-кезеңде италиялық Паоло Тиралонго Альберто Контадорды басып озды. Миланның Пьяца Дуомо алаңында жеңімпаздар құрметіне отшашу атылып, кең дастарқан жайылды. Команда басшылығының айтуынша, «Астана» алдына қойылған тапсырманы толық орындады. Алалдағы «Тур де Франста» олар тағы да командалық есепте үздік шығуды көздеп отыр.

Маусымның 6-10 аралығында  Астанада  ШЫҰ-ның  10 жылдығына орай футболдан халықаралық турнир өтеді.  Бернд Шторк бастаған  Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы алдағы додаға  қызу дайындық үстінде.  Жаттығу барысы мен команданың жай-күйі жайлы  өз ойын бөліскен  бас бапкер шәкірттеріне  үлкен сенім артатынын білдірді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 10жылдығына орай ұйымдастырылған турнирдің алғашқы іріктеу раундында  қазақ өрендері  Тәжікстан мен Қырғызстан  құрама командаларымен кездеседі.  Алекінші топта Ресей, Қытай және Қазақстанның екінші құрамасы өзара үздікті анықтайды. Кезінде бас команданы жаттықтырған неміс маманы Бернд Шторк жасөспірімдерге зор үміт артып отыр.

Бернд Шторк, футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері:

Біз Алматыда тағы да екі күн дайындалып, содан кейін Талғардағы федерация базасына көшеміз. Ал 4маусымда Астана қаласына аттанамыз. «Астана Аренадағы» бір күндік жаттығудан соң жарыс жолын шығамыз. Жігіттерде жеңіске деген ұмтылыс жақсы.

Жаттығу жиыны алдында бапкерлер ұжымы еліміздің әр шетінен келген үміткерлер арасында іріктеу өткізген. Соның нәтижесінде 1993және 1994 жылғы аяқдопшылар таңдалып алынды. Шторк мырзаның басты міндеті —  жас жеткіншектерден кейін 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына лайықты ойыншылар дайындау. Алжас аяқдопшылар қазірдің өзінде жігер танытуда.

Нұрғалиев Еркебұлан, жасөспірімдер құрамасының қорғаушысы:

Шамамыз жетеді. Қазақстан үшін бәрін істейміз, жанталасамыз, ойнаймыз, көрсетеміз өзімізді. Балалар бір-біріне сенеді, енді бір команда болып шығамыз.

Астанадағы жарыс команда үшін алдағы маңызды бәсекелерге жақсы дайындық  және жас спортшылар үшін үлкен сын да. Дегенменбасты дода-қараша айында Македонияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу туры. Оған дейін толығымен жасақталып үлгеретін  еліміздің құрамасы Скопьеде     Македония, Швейцария және Украинаға қарсы тұрмақ.


“Ролан Гарростың” ширек сынында өнер көрсететін теннисшілер қатары түгел белгілі болды. Әлемнің бірінші ракетасы Рафаэль Надаль ширек финалға жол ашқан  бәсекеде  хорват Иван Любичичтен басым түсті.

Екі сағат 26 минутқа созылған бәсеке 7:5, 6:3 , 6:3 есебімен аяқталды.  Былтыр  осы жарыстың  бас бәйгесін еншілеген Рафаэль Надалькелесі  айналымда швед Робин Содерлингпен кездеседі.  Өз кезегінде Швецияның үздік теннисшісі  2сағат 16 минутқа жалғасқан матчта  француз Жиль Симонды қапы қалдырды.  Мұндағы есеп — 6:2,6:3 және 7:6.  Француз теннисшілері арасынан ширек сынға сүрінбей жеттен  жалғыз Гаэль Монфис қана. Ашық чемпионатқа тоғызыншы нөмірмен терілген  француз бес сеттегі тартыстың нәтижесінде  испаниялық Давид Феррердің алдын орап кетті.  Әлемнің экс-бірінші ракеткасы ресейлік Мария Шарапованың қарқыны күшті. Мария аса шиленісті өткен бәсекеде 7:6, 7:5 есебімен Польша теннисінің өкілі Агнешка Радвансакадан айласын асырды. Енді алдағы ширек сында германиялық құрбысы Андреа Петковичпен  күш байқасады.   

Соңғы турда  “Лионнан” ұтылған “Монако” айналып келгенде жоғары лигамен қоштасты. Енді  Францияның белді клубтарының бірі   саналатын  “Монако”  келесі маусымды екінші дивизионда өткізбек.    

Бүгінгі матчта екі командаға да жеңіс ауадай қажет еді.  “Лионның” мақсаты —  Еуропа чемпиондар лигасының жолдамасы десек, “Монаконың” көздегені    жоғары лигадағы жылы орын болды. Дегенмен  монакалық футболшылар өз жанкүйерлері алдында діттеген мақсаттың үдесінен шыға алмады. Кездесудің 68-минутында алдымен  футболшылар тізбегінен  одан кейін қақпашыдан кері қайтқан допқа бірінші жеткен Папе Диакате  есеп ашса, арада  он минут өткенде қонақтар алаң иелерін тағы да сан соқтырып кетті. Бұл жолы сол қапталдан жеткен әдемі пасты  нәтижелі соққымен аяқтаған Лиссандро Лопеску көзге түсті.  Не керек, жеңіс “Лионға ”Франция чемпионатының қола медальімен бірге Еуропа чемпиондар лигасының жолдамасын сыйласа,  “Монако” екінші дивизионға жол тартты.

Соңғы жаңалықтар