Caravan Logo

Milk Project Ақмола облысында сүтті қайта өңдеу жөніндегі құны 300 млн теңгелік өндірісті пайдалануға берді

Milk Project Ақмола облысында сүтті қайта өңдеу жөніндегі құны 300 млн теңгелік өндірісті пайдалануға берді

Өндірістің қуаттылығы жылына 15,6 млн литр сүт өңдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" аудан әкімшілігінен.

"Бизнестің жол картасы -2020" және Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып отырған жобаның құны - 300 млн теңге .
Жабдықты "УМЗ Эколин" ААҚ жеткізіп берді.
Milk Project 2009 жылдан бері жұмыс істейді, сүттен бөлек мал шаруашылығымен айналысады, жемшөп цехы бар.