”Миллиард долларға мешіттер салынды, ал дамбалар ше”: ресейлік журналист Дағыстандағы апат туралы  - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Миллиард долларға мешіттер салынды, ал дамбалар ше”: ресейлік журналист Дағыстандағы апат туралы 

”Миллиард долларға мешіттер салынды, ал дамбалар ше”: ресейлік журналист Дағыстандағы апат туралы 

Ресейлік журналист, тележүргізуші және қоғам қайраткері Максим Шевченко Дағыстандағы ірі су тасқыны туралы пікір білдіріп, бұл қайғылы жағдайды тек табиғи апатпен түсіндіруге болмайтынын айтты.

  • 10 Сәуiр
  • 12
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның сөзінше, тұрғындардың қауіпсіздігіне жауапкершілік федералдық билікте емес, жергілікті депутаттар мен шенеуніктерде:

«Түсінесіз бе? Сіздерде дауыс бар, сенаторларыңыз бар, Дағыстаннан сайланған депутаттарыңыз Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы құрамында отыр. Бірақ неге екені белгісіз, сол депутаттар сіздердің мәселелеріңізді шешпейді, ал Ресей президенті келіп, арнайы шаралар өткізіп, сіздерді құтқаруы керек пе?..»

Шевченко республикадағы құрылыс басымдықтарын да қатты сынға алды:

«Ондаған, жүздеген миллиард долларға мешіттер салынды, ал дамбалар ше? Сол мешіттердің біреуінің орнына бүкіл Дағыстан бойынша дамбаларды нығайтқанда, қазір жағдай әлдеқайда жақсы болар еді».

Оның пікірінше, жергілікті тұрғындар өз құқықтарын белсендірек қорғап, билік жұмысын бақылауға алуы тиіс:

«Сіздер дағыстандықтарсыздар ғой? Өздеріңіз үшін сөйлей аласыздар ма, әлде үнемі Шевченко сөйлеп беруі керек пе?»

Айта кетейік, Дағыстан аймағындағы су тасқыны соңғы онжылдықтардағы ең ірілерінің бірі болды. Нөсер жаңбыр салдарынан дамба бұзылып, мыңдаған адам эвакуацияланып, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келді.