Миллиардтарды жымқырды деп айыпталған басшы қарыны ашқаннан сот процесін тоқтатуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Миллиардтарды жымқырды деп айыпталған басшы қарыны ашқаннан сот процесін тоқтатуды сұрады

Миллиардтарды жымқырды деп айыпталған басшы қарыны ашқаннан сот процесін тоқтатуды сұрады

Жымқырған миллиардтар емес, қарынның аштығы маза бермеді. Бүгін «Алматы метро құрылыс» компаниясының бұрынғы басшысы түскі ассыз қалғанына наразылық танытып, процесті жүйелі түрде өткізуді сұрады.

  • 29 Қазан 2015
  • 336
Фото - Caravan.kz

Бірнеше жыл бойы Алматының жерасты жолына жетекшілік еткен Мұрат Өкшебаевтың қолына биыл жазда кісен салынған болатын. Ол сыбайластарымен бірге мемлекеттің 2 млрд 503 млн теңгесін алаяқтық жолмен қалтаға басқан деп айыпталуда. Қазір Өкшебаевтан өзге айыпталушылар орындығында Алматы метросының бөлім басшысы Ербол Қалдыбаев пен құрылыс компаниясының директоры Константин Антипов отыр. Бірі тендерді кеш жариялап, екіншісі ниет білдіргендерден құжаттарды тез арада әкелуді талап еткен. Ал Антипов материалдардың бағасын еселеп көрсетіп, жалғыз үміткер болғандықтан жеңіп отырыпты. Сөйтіп, миллиардтарды өзара бөліп алған үш сыбайлас Алматы мен Астана қалаларында бірнеше пәтер мен қымбат көліктерді сатып алған. 

Соңғы жаңалықтар