"Міндетті түрде назар аударамыз" - ҚМА өкілі Бишімбаевтар отбасының активтері туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Міндетті түрде назар аударамыз" - ҚМА өкілі Бишімбаевтар отбасының активтері туралы

"Міндетті түрде назар аударамыз" - ҚМА өкілі Бишімбаевтар отбасының активтері туралы

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Бишімбаевтар отбасының активтеріне қатысты пікір білдірді

  • 22 Мамыр
  • 6
Фото - Caravan.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Бишімбаевтар отбасының активтеріне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарларында агенттік сотталған Қуандық Бишімбаевтың отбасының активтерін тексеру туралы петицияға қаншалық назар аударатыны сұралды.

«Жарайды, міндетті түрде назар аударамыз. (…) Петицияның нәтижелерін күтіп, бір жағынан бұл мәселені қарастырамыз. Бұған міндетті түрде назар аударамыз. Уайымдамаңыздар, сіздерге міндетті түрде хабарлаймыз», — деді агенттік өкілі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ҚМА Бишімбаевтар отбасына қатысты істерді тергеп жатқан жоқ.

«Бізде тіркелген қылмыстық істер жоқ. Бірақ заңсыз сатып алынған қылмыстық кірістер бойынша тексерістерді тұрақты жүргіземіз. Бұл жұмыстар бізде, егер қылмыстық жолмен алынған және заңдастырылған қандай да бір заңсыз кірістер шықса, біз оларды міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартамыз», — деді Елемесов.