Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
"Қазақстанда 15 мамырда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді, бұл екінші мәрте өткелі жатыр. Орта есеппен 10-15 пайызы (ата-аналар жиналысына) қатысады. 2017 жылы жалпыұлттық ата-аналар жиналысына 80 пайыз мектеп оқушыларының ата-анасы қатысты, бұл жақсы нәтиже. 2018 жылы осы көрсеткішті қайталауды жоспарлап отырмыз", — деді ведомство басшысы.
Ерлан Сағадиев жұмыс берушілерге ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқартуды сұрады.
"Министрлік тарапынан барлық жұмыс берушіден, оның ішінде меморгандардан осы күні ата-аналарды ертерек жұмыстан жіберуін сұраймыз. Олар мектепке барып, ата-аналар жиналысына қатысып, балалары оқитын мектепті өмірімен танысса дейміз", — деді министр.
Оқи отырыңыз:
Оралда ер азамат қайын атасы мен енесін атып тастады
Астанада санитарлық талаптар бұзылған 8 мектептің директоры жазаланады