Мұхтар Тінікеев өз парақшасында марапаттау салтанатынан кейінгі суретін жариялаған.
"Қазақстанда спорт күні тамыздың үшінші жексенбісі аталып өтеді. Бірақ бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласының қайраткерлерін еліміздің спортын дамытуға қосқан үлесі үшін медаль мен грамоталармен марапаттады. Марапат алғандардың ішінде мен де бармын. Сондай-ақ NOMAD MMA республикалық қауымдастығының президенті Гаджи Гаджиев те марапатталды", — деп жазған Тінікеев.
Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында шу шығып, Мұхтар Тінікеев мәжілістен кеткен болатын. Желіде депутаттың қасындағы ер адамды басынан ұрып, балағаттап жатқан видео тарап, қоғамда қызу талқыланған еді.