Министр экс-депутат Мұхтар Тінікеевті марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр экс-депутат Мұхтар Тінікеевті марапаттады

Министр экс-депутат Мұхтар Тінікеевті марапаттады

Бұрынғы мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасымен матаптталды. Бұл туралы экс-депутат әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

  • 18 Тамыз 2017
  • 377
Фото - Caravan.kz

Мұхтар Тінікеев өз парақшасында марапаттау салтанатынан кейінгі суретін жариялаған. 

"Қазақстанда спорт күні тамыздың үшінші жексенбісі аталып өтеді. Бірақ бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласының қайраткерлерін еліміздің спортын дамытуға қосқан үлесі үшін медаль мен грамоталармен марапаттады. Марапат алғандардың ішінде мен де бармын. Сондай-ақ NOMAD MMA республикалық қауымдастығының президенті Гаджи Гаджиев те марапатталды", — деп жазған Тінікеев. 

Еске сала кетсек,  өткен жылдың соңында шу шығып, Мұхтар Тінікеев мәжілістен кеткен болатын. Желіде депутаттың қасындағы ер адамды басынан ұрып, балағаттап жатқан видео тарап, қоғамда қызу талқыланған еді. 


 

Соңғы жаңалықтар