Министр: Халық көтерген мәселелерді шешу үшін 485 млрд теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр: Халық көтерген мәселелерді шешу үшін 485 млрд теңге қажет

Министр: Халық көтерген мәселелерді шешу үшін 485 млрд теңге қажет

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

  • 31 Қаңтар 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz


Былтыр осы уақытта әкімдердің халықпен 19,8 мыңға жуық кездесуі өтті. Олардың барысында тұрғындар әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу, экологияның жайы, жолдарды жөндеу, жер мәселелері және тағы басқа сұрақтар бойынша 33,4 мыңнан аса мәселе көтеріп, өз ұсыныстарын айтты. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар 33,1 мың мәселенің шешімін тапты. Халық көтерген мәселелерді шешу үшін жергілікті бюджеттен 485 млрд теңге қажет. Керек қаржының 253,8 млрд теңгесі немесе 52,3 пайызы бөлінді, — деді Әлібек Қуантыров.