Министр кімдердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр кімдердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты

Министр кімдердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты

2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы жарты миллион теңгеден асады.
 

  • 30 Сәуiр 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол биыл 1 қаңтардан бастап 247 мың медицина қызметкерінің айлығы өскенін атап өтті. Дәрігерлердікі 30%-ке, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ке артқан.

"2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен өсіп, экономикадағы орташа айлықтан екі жарым есе жоғары болады. Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 561 мың теңгені, ал орта медицина қызметкерлерінікі 210 мың теңгені құрайды", — деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Айтуынша, қазіргі таңда елде 76 мың дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар.


 

Соңғы жаңалықтар