Министр Мұхамедиұлы спорттағы 2016 жылдың үздіктерін марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Мұхамедиұлы спорттағы 2016 жылдың үздіктерін марапаттады

Министр Мұхамедиұлы спорттағы 2016 жылдың үздіктерін марапаттады

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ведомствоның алқа мәжілісі барысында спорттағы 2016 жылдың үздіктерін марап

  • 16 Ақпан 2017
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ведомствоның алқа мәжілісі барысында спорттағы 2016 жылдың үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапаттау рәсімі Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтті.

Шара барысында өткен жылдың нәтижесі бойынша үздік шыққан спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар, дене шынықтыру-спорттық ұйымдар марапатталды.

Атап айтқанда, «Үздік спорттық өңір» номинациясы Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына берілді.  

«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңімпаз атанды.  

«Жылдың үздік спорт федерациясы»  аталымында жеңімпаз Қазақстанның бокс федерациясы болды.

«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» атағын Сүлайманов Әлімжан Рахымжанұлы жеңіп алды. Ол 2008 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі спортшылармен қосымша жұмыс жасай бастаған. 2011 жылдан бері Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» МКҚК-да жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеуде.


«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» номинациясы бойынша Максимова Наталья Геннадьевна марапатталды. Ол Спорттық медицина және оңалту орталығында массаж жасаушы.

«Спорттың ауылдық жердегі үздік нұсқаушы-әдіскері» аталымында Мұхамбеталин Қази Кажығалиұлы үздік атанды. Ол Ақтөбе облысы Алға ауданының Білім бөлімінің әдіскер-нұсқаушысы.    

Соңғы жаңалықтар