Министр: Қазақстан тамыз айына дейін карантинсіз өмір сүрсе, коронавирусты күніне 27 мың адамнан жұқтыруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр: Қазақстан тамыз айына дейін карантинсіз өмір сүрсе, коронавирусты күніне 27 мың адамнан жұқтыруы мүмкін

Министр: Қазақстан тамыз айына дейін карантинсіз өмір сүрсе, коронавирусты күніне 27 мың адамнан жұқтыруы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуына қарсы тұру жөніндегі шараларға арналған кездесуде Қазақстанда күніне 2,5 мыңға дейін пневмония ауруы тіркелетінін айтты.

  • 30 Маусым 2020
  • 412
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Министр тест теріс нәтиже көрсеткенімен, аурудың саны күннен-күнге артып келе жатқанын айтты. Осылайша ол еліміздегі ауруханаларға күніне қанша науқас келіп түсетіні туралы нақты ақпарат берді.

"10 маусымнан бастап біз ПТР тест нәтижесі теріс болғанымен COVID-19 әсерінен пневмонияның едәуір өсуін байқадық. Соңғы күндері тәулігіне осындай пневмонияның 2,5 мың жаңа жағдайы тіркелді», — деді Цой.

Бұған дейін Қазақстанның кейбір аймақтарында пневмониямен ауыратындардың саны күрт өскені туралы хабарланған болатын.

Министр жағдайды қалпына келтіру үшін шаралардың кешенін бес блокқа бөлуді ұсынды. Бұған қоса ол 10 маусымнан бастап эпидемиялогиялық ахуал қайта өршіп кеткенін алға тартты. Айтуынша, қазір бір күнде екі жарым мың адам өкпе қабынуына шалдығуда.

Бірінші жоспар бойынша, егер тамыз айына дейін тұрғындар карантинсіз өмір сүрсе,
коронавирусты күніне 27 мың адамнан жұқтыруы мүмкін.
Бұл жағдайда ауруханаларда 300 мың орын болуы керек.

Екінші жоспарға сәйкес, екі апталық толығымен шектеу шараларын енгізу. Бұл кезде күніне 7 мыңға жуық ауру жұқтырушылар тіркеліп, тамыз айының соңында ауруханаларда 80 мың орын керек болады.

Үшінші жоспар төрт апталық карантин енгізуді қарастырады. Сонда тамыздың соңына дейін күніне 2500 науқастан тіркеліп, ауруханалардағы қажетті орын саны 30 мыңға дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар