Министр Қазақстанда ипотека бағасы арзандайтынын айтты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Қазақстанда ипотека бағасы арзандайтынын айтты

Министр Қазақстанда ипотека бағасы арзандайтынын айтты

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек сейсенбідегі Үкімет отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

  • 13 Ақпан 2018
  • 165
Фото - Caravan.kz


Ол алдағы уақытта елімізде ипотека бағасы арзандайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл бағдарламаны әрі қарай жүзеге асырудың механизмін қарастырамыз. Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардан соң архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік нормативтерді жетілдіру бойынша жұмыстарды бастадық», — деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда ипотекалық несие құны арзандайды.

«Қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай бір тұрғынды 30 шаршы метрлік баспанамен қамтамасыз ету көрсеткішіне жеткізу арқылы ипотекалық несиелеу құнын арзандату бойынша мәселелер қарастырып жатырмыз. Биыл коммерциялық банктер құрылыс салушыларға 125 млрд теңге көлемінде субсидияланған несие, 105 млрд теңге ипотекалық несие береді. Банк секторының жандануы жыл сайын несие беру көлемін 350 миллиард теңгеге дейін арттырса, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының үлесін экономикалық белсенді халықтың 12 пайызына дейін жеткізеді. Қабылданған шаралардың арқасында былтырғы жылмен салыстырғанда 2018 жылы қосымша баспана беру 6 пайызға көбеймек», — деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар