«Оның мәселесін елшілікпен бірлесіп шешеміз», – деп қысқа жауап берді Қасымов журналистердің сұрағына.
Моника Камукенж Камганза бір жылдан бері Астанада тұрады. Конго азаматы ЭКСПО көрмесі кезінде күнкөріс қамымен келіп, ақыр соңында қалып қойған. 27 жастағы африкалық әйел осыдан үш ай бұрын дүниеге сәби әкелді. Айтуынша, қыздың әкесі қазақстандық. Сұқбатында Моника Қазақстаннан ешқайда кеткісі келмейтінін айтқан еді.