Министр Сұлтанов қант туралы: "Басқа елдерден сұрап жатырмыз" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Сұлтанов қант туралы: "Басқа елдерден сұрап жатырмыз"

Министр Сұлтанов қант туралы: "Басқа елдерден сұрап жатырмыз"

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан басқа елдерден қосымша қант сұрап жатқанын айтты.

  • 23 Маусым 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz меди порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазір 350 мың тонна бар. Біз басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде Бразилия, Үндістан және Вьетнам ірі жеткізушілердің бірі болып саналады. Бірақ Үндістан шектеу қойды, сондықтан келіссөздер жүргіземіз. Бүгінде қабылданған 350 мың тоннадан бөлек тағы 100 мың тонна сұрадық", — деді Сауда министрлігінің басшысы үкімет кулуарында.

Сұлтанов қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер, есептеулер, индикативтік баланстарды ұштастыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты, сондай-ақ 15 шілдеде Беларусьте ЕЭК кеңесінің келесі отырысы өтетінін, онда қант жеткізу мәселесі қосымша талқыланатынын еске салды.

27 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда қант тапшылығы жоқ деп мәлімдеген болатын.


Алайда Оралда дүкен сөрелерінде қант жоқ деген ақпарат хабарланды. Ал бар жерлерде келісіне 600 теңгеге дейін қымбаттап кетті. Сатушылардың сөзінше, жеткізушілер күн сайын әкелуге уәде береді, мүмкін құмшекер бағасы да өседі.

Кейін министр Сұлтанов "қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына тыйым салуына байланысты" деді.

Соңғы жаңалықтар