«Министр заңды білмей ме?». Заңгер Аймағамбетовті отставкаға жіберуге болатынын айтып, шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Министр заңды білмей ме?». Заңгер Аймағамбетовті отставкаға жіберуге болатынын айтып, шүйлікті

«Министр заңды білмей ме?». Заңгер Аймағамбетовті отставкаға жіберуге болатынын айтып, шүйлікті

Кеше Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласына мектеп формасын сатып алуға қанша ақша жұмсағанын айтып, түбіртектерін көрсеткен болатын. Айутынша, ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алуға шамамен 35 мың теңге қаражат жұмсағанын жариялады.

  • 17 Тамыз 2022
  • 1707
Фото - Caravan.kz

Алайда Аймағамбетовтың мәлімдемесін танымал заңгер Жангелді Сүлейманов сынға алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол желідегі оқырмандардан Asia Park сауда орталығында орналасқан GLASMAN дүкеніне барып, ондағы киімдердің мата құрамын тексеріп, суретке түсіруді сұрады.

Заңгер Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша мектеп формасы 100% мақтадан немесе жартылай жүн қосылған матадан тігілуі тиіс екенін ескерте кетті. 

"Егер дүкендегі көйлек 100% (мақтадан) болмаса, ал шалбар мен пиджак жартылй жүн қосылған матадан болып шықпаса, онда министр өзі отставкаға кете алады. Біріншіден, министр арнайы талапқа қайшы келетін мектеп формасын сатып алмауы керек еді. Екіншіден, мұндай мектеп формасын сатуға тыйым салу үшін шара қолдануы керек", — деп жазды заңгер.

Заңгер Оқу-ағарту министрінің шара қолдану орнына GLASMAN дүкенін жарнамалап жүр деп айыптады. 

«Таза матадан тігілген мектеп формасы қымбат және қолжетімсіз болса, онда міндетті форманы енгізудің қажеті жоқ. Сөз соңында айтарым, министрді қызметінен босата беруге болады, өйткені пиджак жартылай жүн қосылған матадан емес, 35% вискоза және 65% полиэстерден тігілген, я ғни ол синтетика», — деп жазды заңгер.

 
 

МИНИСТР НЕ ЗНАЕТ ЗАКОНОВ? Министр просвещения Аймагамбетов написал пост сегодня, что купил школьную форму для сына в…

Posted by Zhangeldy Suleymanov on Tuesday, August 16, 2022