Министр жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады

Министр жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады.

  • 2 Наурыз 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде қазынашылық органдарда арнайы есепшот ашылған. Соған жемқорлардан тәркіленген ақша аударылып отырады.

"Қазіргі кезде ол есепшотта, шамамен, 120 миллиард теңге жиналды. Біз оқу-ағарту министрлігінен өтінімдерді күтіп отырмыз. Алдымен үш ауысыммен оқитын мектептер жөнделеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бар, мектепті кеңейту үшін қосымша құрылыс салынады. Есепшоттағы ақша ең бірінші соған жұмсалады", — деді Жамаубаев сенатта өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, барлық өтінім республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады. Кейін ақша өңірлерге таратылады.


Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан тәркіленген қаражатқа мектеп салуды тапсырды