Министрлер мен әкімдердің жұмысы есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенуі керек - Президент - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлер мен әкімдердің жұмысы есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенуі керек - Президент

Министрлер мен әкімдердің жұмысы есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенуі керек - Президент

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын бастады,

  • 12 Желтоқсан 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес.

11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент сайлау алдындағы бағдарламаны іске асырудың жоспары қалай іске асуы керектігіне тоқталды.

«Сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақытылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады», — деді Мемлекет басшысы.


Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр.