Министрлер мен облыс әкімдері ҚР президентіне ант береді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлер мен облыс әкімдері ҚР президентіне ант береді

Министрлер мен облыс әкімдері ҚР президентіне ант береді

Министрлер мен облыс әкімдері мемлекет пен президентке адал қызмет ететіндері туралы ант береді.

  • 5 Шiлде 2011
  • 706
Фото - Caravan.kz

«Ант беру барлық халықтарда, әсіресе қазақтарда қасиетті іс саналады… бұл – сөздің күші, анттың күші. Мен мемлекеттік қызметкерлердің бәрі осы антты естерінде ұстап жүрсін деймін, сонда олар халыққа жақын болады, сонда оларда асқақтық пен жоғарыдан қарау аз болады», — деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні салтанатты рәсімде.

ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, СІМ басшысы Ержан Қазыханов, ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев, білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев, экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова, бас прокурор Асхат Дауылбаев, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Бәйменов, Ақмола, Жамбыл, Алматы облыстарының әкімдері Сергей Дьяченко, Қанат Бозымбаев, Анзар Мұсаханов «Сырбар» ҚР сыртқы барлау қызметінің басшысы Аманжол Жанқұлиев ҚР Конституциясына алақандарын қойып ант берді.

Соңғы жаңалықтар