Министрлер «Нұр Отанда» қабылдау өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлер «Нұр Отанда» қабылдау өткізеді

Министрлер «Нұр Отанда» қабылдау өткізеді

Қараша айында «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында

  • 3 Қараша 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz

мемлекеттік органдардың өкілдері мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Бұл туралы партияның сайты хабарлады.

ҚР инвестициялар және даму министрі  Ә.Исекешев азаматтарды қабылдауды 4 қарашада өткізеді (10.00-13.00);

11 қараша — Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров;

18 қараша — ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілханов;

25 қараша — ҚР Бас Прокурорының орынбасары Н.Исаев;

27 қараша (10.00-13.00) — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова

27 қараша (15.00-17.00) — ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев;

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Оңалсын Жұмабеков азаматтарды 3 қарашада қабылдайды;

5 қараша — Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Елена Тарасенко;

10 қараша — Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов;

12 қараша — Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Надежда Петухова;

17 қараша — Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Николай Кузьмин;


19 қараша — Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі Серікбай Нұрғисаев;

24 қараша — Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зағипа Балиева;

26 қараша — Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Андрей Бегенеев;

Қабылдау мына мекенжайда өтеді: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25 үй, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауы  сағ 10.00 ден 13.00-ге дейін.

Қабылдауға жазылуға болады:

— Электрондық қоғамдық қабылдау арқылы  www.kk.nurotan.kz мекенжайы бойынша;

— Бірыңғай Call — орталығы бойынша: тел. 59-78-50, 

— Республикалық қоғамдық қабылдаудың мекенжайы бойынша: Астана қ-сы, Кенесары көшесі, 25. 

Сонымен бірге, басқа облыс орталықтарының және Алматы қаласы тұрғындарының Астанаға келмей-ақ қабылдауға жазыла алатынын хабарлаймыз. Өйткені, қабылдауды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарында бейнебайланыс режимінде өткізу мүмкіндігі қарастырылған.  Жазылу қабылдауға 3 жұмыс күні қалғанда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар