Министрлiк 10 сотық жер мәселесiне қатысты заңға өзгерiстер енгiзудi қарастырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлiк 10 сотық жер мәселесiне қатысты заңға өзгерiстер енгiзудi қарастырып жатыр

Министрлiк 10 сотық жер мәселесiне қатысты заңға өзгерiстер енгiзудi қарастырып жатыр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi жер мәселесiне қатысты ұсыныстар дайындап жатыр. Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысын қорытындылаған кезде осы ұсыныстар талқыланатын болады. Бұл туралы бүгiн Алматы облысында өткен комиссияның көшпелi отырысында ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

  • 18 Маусым 2016
  • 1142
Фото - Caravan.kz

«Билiктегiлердiң бәрi халықтың мүддесiн ойламай отыр, сiздер айтып жатқан қауiп-қатерлердi бiлмейдi деп айтуға болмайды. Оның бәрiн бiз жақсы бiлемiз, өйткенi бiз де осы елдiң азаматымыз. Бiз ауыл шаруашылығы министрлiгi ретiнде бүгiнгi таңдағы қолданыстағы заңнамалардың кейбiр кемшiлiктерiн, шикiлiктерiн көрiп отырмыз. Комиссия құрылмаса да, осы мәселелердi реттеу үшiн жұмыс жасаймыз деп айтқанбыз. Бiз де көптеген мәселелердi қосымша қазiр көрiп отырмыз, тиiстi жұмыс атқарылып та жатыр. Ертең комиссия жұмысын қорытындылаған кезде,министрлiк дайындаған ұсыныстар да талқыға салынатын болады», — дедi А.Мырзахметов

«Соның iшiндегi өзектi мәселелердiң бiрi – 10 сотық жер. Бүгiнде қолданыстағы заң ауыл шаруашылығы саласындағы жерлердi жеке тұрғын үй салу үшiн мемлекеттiк мүддеге сатып алуға рұқсат бермейдi. Мүмкiн бүгiнгi жағдайға байланысты заңдарға өзгерiстер енгiзiп, мемлекеттiк мүддеге сатып алу мүмкiншiлiгiн қарастыру керек шығар. Сол сияқты бұған дейiн де бiр қолға берiлетiн жердiң көлемiн шектеу мәселесiн айтқанбыз. Бүгiнгi таңда шектеу әр ауданның көлемiнде, ал Қазақстан бойынша жоқ. Мiне, осы мәселелердi министрлiк тарапынан қарап, жұмысты атқарып отырмыз», — дедi вице-премьер

Айта кетейiк, Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бүгiнгi бесiншi отырысы Алматы облысында өттi. Бес сағатқа созылған отырыста 70-тен астам адам сөз сөйледi. Комиссияның Астанада өткен алғашқы отырысы 7 сағатқа созылған болатын