Министрлік араб шейхтеріне Қызыл кітапқа енген құсты аулауға не үшін рұқсат берілгенін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік араб шейхтеріне Қызыл кітапқа енген құсты аулауға не үшін рұқсат берілгенін түсіндірді

Министрлік араб шейхтеріне Қызыл кітапқа енген құсты аулауға не үшін рұқсат берілгенін түсіндірді

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев Үкіметтің жекдуадақты аулауға рұқсат беру жөніндегі қаулысын түсіндірді, - деп х

  • 21 Қазан 2016
  • 815
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев Үкіметтің жекдуадақты аулауға рұқсат беру жөніндегі қаулысын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл ҚР Үкіметі қаулысымен 174 дарақ жекдуадақты ғана алуға рұқсат берілген. Сонымен қатар, рұқсат БАӘ мен Катардың белгілі бір тұлғаларына ғана беріледі және бір құс олжалау үшін 265 АЭК көлемінде төлем бекітілген (1 АЭК — 2121 теңге). Тағы бір айта кетерлік жайт, Парсы шығанағының елдері ұзақ мерзімді ынтымақтастық және жекдуадақты дәстүрлі ұлттық қыран құстар салып аулау туралы келісімдерге қол қою жолымен жекдуадақты қорғау және өсімін молайту бойынша іс-шараларды қаржыландыруға бастамашылық білдірді", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ынтымақтастық туралы келісімдердің шеңберінде араб инвестицияларының есебінен Оңтүстік Қазақстан облысында кейіннен Қазақстан аумағында табиғи мекендеу ортасына жіберілетін жекдуадақты жасанды жолмен өсіріп-көбейту орталығы салынды және ол ойдағыдай жұмыс істеуде. Орталық жыл сайын 5 000 дарақ құс өсіреді.


Міндеттемелерді орындау шеңберінде араб тарапы 2009-2016 жылдар аралығында Қазақстан табиғатына 7555 дарақ жекдуадақ жіберді. Сонымен бірге, Орталық қызметінің нәтижесінде 200-ге жуық жергілікті тұрғын жұмысқа орналастырылды.