Министрлік дау тудырған қызылшаға қарсы екпенің нәтижесін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік дау тудырған қызылшаға қарсы екпенің нәтижесін жариялады

Министрлік дау тудырған қызылшаға қарсы екпенің нәтижесін жариялады

Екпесі үлкен дау тудырған қызылшаға қарсы күрес ерекше қарқын алды. Вакцина салдырғандардың саны артқанымен, инфекция жұқтырғандар азаяр емес. Ал шенеуніктер науқан аяқталмай жатып оның  мақтауын асырып жатыр.

  • 21 Қазан 2015
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы үнді препаратынан зардап шеккендер жоқ дейді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер. Қызылшаға қарсы вакцинация 11 облыста аяқталып  бірде бір адамнан денсаулығына қатысты шағым түспеген. 15-19 жас аралығындағыларға екпе салу әлі жалғасады. Дәл осы вакцинадан соң ақпан айында бірнеше аймақта оқушылар мен студенттер жаппай естерінен танып реанимациядан бір-ақ шыққан болатын. Кейін бюджеттің миллиондарына сатып алынған үнді екпесіне уақытша тыйым салынған еді. Десе де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шетелдік екпеден ешқандай кінәрат таппай, оны егу күзде қайта жалғасқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар