Министрлік Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 506.7
  • 593.14
-10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Министрлік Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтары ақпанның аяғына дейін айыппұлсыз, қайта кіруге тыйым салмастан елден ерікті түрде шыға алатынын еске салды

  • 22 Қаңтар
  • 4
ФОТО: tengrinews.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Кореяның Әділет министрлігі ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының мерзімін ұзарту жөнінде келісімге келді.

Бұл бағдарлама қылмыс жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасы қолданылатын, сондай-ақ, 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебе алғандарға қолданылмайды.

«Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшуға 15-тен 3 күнге дейін қалғанда беріледі», — деп жазылған хабарламада.