Министрлік тасқын салдарынан қырылғанын мал санын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік тасқын салдарынан қырылғанын мал санын жариялады

Министрлік тасқын салдарынан қырылғанын мал санын жариялады

Ведомство мәліметінше, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуге қатысты тиісті алгоритм әзірленді

  • 9 Сәуiр
  • 64
© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өту

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жедел деректер бойынша республиканың жеті өңірінде тасқын салдарынан 5 711 бас мал қырылды, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігі.

Оның ішінде әрә қара мал – 1 137, ұсақ мал – 4 051, жылқы – 457 және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары. Бүгінгі күні 1013 бас малдың өлексесі өртелді.

Министрліктің хабарлауынша, 60,0 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас.

«Министрліктің республикалық эпизоотияға қарсы отряды облыс әкімдіктерімен бірлесіп шығын болған жануарлар өлекселерін жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. Жалпы іс-шараларды жүргізу үшін тиісті 90 бірлік техника, қызметкерлер штаты және жою шаралары үшін қажетті дезинфекциялық заттар бар», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуге қатысты тиісті алгоритм әзірленді.