Министрлік вакцина салдырғандар бойынша біріктірілген статистикаға көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік вакцина салдырғандар бойынша біріктірілген статистикаға көшеді

Министрлік вакцина салдырғандар бойынша біріктірілген статистикаға көшеді

Денсаулық сақтау министрлігі вакцина атауына және вакцина алғандардың санатына қарамастан, барлық вакциналанған адамдар бойынша біріктірілген статистикаға көшеді.

  • 25 Шiлде 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 10 777 490 адам I компонент салдырды, 10 506 442 адам II компонент алды. 4 975 445 адам ревакцинация жасады.

Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 231 786 адам салдырса, екінші компонентін 1 179 559 адам алды. Оның ішінде:

Бірінші доза:

Жасөспірімдер – 869 775,

Жүкті әйелдер – 41 334,

Бала емізетін аналар – 145 108.

Екінші доза:

Жасөспірімдер – 850 757,

Жүкті әйелдер – 39 024,

Бала емізетін аналар – 140 434.