Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Құрметті халқым, маған қысым жасалып жатыр. Қолдауларыңызды сұраймын.
Шерзаттың ісін алғалы маған жан-жақтан жасырын қысым жасалып келеді.
Бәріне сабырлықпен төзіп келе жатқан маған, енді біреулер басқаша әрекет етпек көрінеді.
Шерзаттың апелляциялық сотына жібермеу мақсатыма, әлде басқама әзірге нақты білмедім.
Деседе Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Тулебаевтың маған, айтпағанымды айттың деп, Жеке Ұйғарымдағы уәждерді көзіңді бақырайтып қойып, ойдан құрастырғаны жәйдан жай емес екені- айдан анық.
Алдында сотталушылардың бірінің туысы Министрлікте істейді дегенде мән бермеп едік. Алайда менің білуімше жел- сол жақтан тұрып жатқан сияқты.
Әділетті сот жоқ жерде, әділетті Қазақстанның иісіде шықпас .
Тек артымда қолдаушы халқым тұрғанда мені ешкім сындыра алмас !!!
Сот процессінің аудио бейне жазбасының жазылып жатқанын біле тұра , судья осындай қадамға барса, басқалардан не күтуге болады.
Судья менің болжамды пікір айтуға құқымды шектеп, кесімді түрде айттың деп өштескені анық көрініп тұр. Одан қалса митингі туралы құрастырып айтқанына -енді сөз жоқ. Адамнан жасырғанды Алладан жасыра алмайсың ғой құрметті судья. Ақиқат бәрібір шығады емес пе?», — деп жазды адвокат.