Минск қаласында қазан айының ортасында ТМД-ның мерейтойлық саммиті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минск қаласында қазан айының ортасында ТМД-ның мерейтойлық саммиті өтеді

Минск қаласында қазан айының ортасында ТМД-ның мерейтойлық саммиті өтеді

АЛМАТЫ. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. 17-қазанда Минск қаласында ТМД-ның 15-ші мерейтойлық саммиті өтеді. Бұл туралы Беларусь СІМ-нің өкілі Олег Иванов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

  • 20 Қыркүйек 2006
  • 371
Фото - Caravan.kz

О.Ивановтың айтуынша, Беларусь жағы алдағы саммитте «аймақаралық ынтымақтастықты мейлінше белсенді дамыту қажеттігіне» баса назар аударатын болады. Оның айтуынша, Еуропалық Одақта осы тектес ынтымақтастықтың оң тәжірибесі жинақталған. «Оның жемісін жер-жерден көруге болады».

Достастықтың іс-қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындау мақсатында ТМД аясында әдейі құрылған «ақылмандар алқасы» мемлекет басшыларына ұйымды реформалау тетіктері туралы баяндамаларын таныстырады, деді Беларусь өкілі.

Бұған қоса саммитте жоғары деңгейде қабылданған шешімдерді орындау, барлық ТМД елдері үшін уағдаластықтарды жүзеге асыру мерзімін біріздендіру қажеттігі жөніндегі мәселелер талқыланбақшы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта