Минск қаласында ТМД елдеріне келіп жатқан басқа мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алудың біртұтас жүйесі жобасын келісуге арналған отырыс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минск қаласында ТМД елдеріне келіп жатқан басқа мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алудың біртұтас жүйесі жобасын келісуге арналған отырыс өтеді

Минск қаласында ТМД елдеріне келіп жатқан басқа мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алудың біртұтас жүйесі жобасын келісуге арналған отырыс өтеді

2004-жылдың 3-5-ақпанында ТМД атқару комитетінде Достастық елдеріне келіп жатқан басқа мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алудың біртұтас жүйесі туралы ережелер жобасын келісуге арналған сарапшы топтың отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД атқару комитетінен хабарлады.

  • 2 Ақпан 2004
  • 386
Фото - Caravan.kz

Құжат жобасын қылмыспен күрес жөніндегі бірлескен шаралардың 2003-2004-жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасына сәйкес Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі әзірлеген. Оның басты мақсаты — Достастық елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ТМД елдері аумағында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың халықаралық лаңкестік, трансұлттық қылмыс-қайшылық, заңсыз көші-қон тәрізді басқа да заңсыз әрекеттерімен бірлескен күрес тиімділігін арттыру болып табылады.

Тәртіптер жобасы біртұтас есепке алу жүйесін құру негіздері мен міндеттерін, мақсаты мен негізгі принциптерін, сондай-ақ, құқықтық-нормативтік, ұйымдастырушылық, ақпараттық және ғылыми , материалдық-техникалық және маман қамтамасыздығы негіздерін айқындап береді.

Соңғы жаңалықтар