Минск қаласындағы ТМД бас пәтерінде ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минск қаласындағы ТМД бас пәтерінде ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтеді

Минск қаласындағы ТМД бас пәтерінде ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтеді

26-наурызда Минск қаласындағы ТМД бас пәтерінде ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Наурыз 2004
  • 486
Фото - Caravan.kz

Мәжілісте ТМД-ға қатысушы елдердің көліктегі қылмыс-қайшылықтармен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім жобасы талқыланады. Ол көлікте жасалатын қылмыстарды ашу, олардың алдын алу, тосқауыл қою, жолаушы және жүк тасымалының қауіпсіздігін мейлінше қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтарды дамыту негіздерін айқындайды.

Сондай-ақ, ТМД елдерінің аумағында ұйымдасқан қылмыс және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі Бюро құрамында есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күресті үйлестіру жөніндегі құрылымдық бөлімше , сондай-ақ, Орталық Азия аймақтық оперативтік топ құру туралы шешім жобасы қаралады.
Шешім жобасын ТМД елдері ішкі істер министрлерінің кеңесі жасаған. Жоба бойынша ТМД елдерінің аумағында ұйымдасқан қылмыс және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі Бюро құрамына 49 адамды қамту қарастырылған. (Ал қазір бюро құрамында 30 адам бар). Жобада сондай-ақ, есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күресті үйлестіру жөніндегі Орталық Азия аймақтық оперативтік топты Душанбе қаласында орналастыруға ұйғарым жасалған. Есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күресті үйлестіру жөніндегі құрылымдық бөлімше мен Орталық Азия аймақтық оперативтік топтың жұмысын ұйымдастыру ТМД елдері ішкі істер министрлерінің кеңесіне тапсырылды.
Бұған қоса отырыс жоспарында ТМД аясындағы құқықтық және басқа да құжаттардың Біртұтас реестрінің Тұжырымдамасы мен Біртұтас реестр туралы ережелерді бекіту туралы шешім жобасы, Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының ТМД аясында телерадиохабарларын таратуын дамыту жөніндегі тұжырымдама жобасы тәрізді құжаттарды сараптау көзделген. Мәжілісте жалпы алғанда 18 мәселе қаралады.
Сондай-ақ, отырыста ТМД аясында бейбітшілік сақтау жөніндегі Ұжымдық күштер туралы тәртіптерге өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына, 1941-1945-жылдардағы Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерейтойын тойлау және оған дайындық жұмыстарының бағдарламасы жобасына толықтырулар енгізу туралы шешім жобасына, РФ Қорғаныс министрлігінің 2-ші орталық Ғылыми-зерттеу институтына ТМД елдерінің әуеден қорғаныс саласындағы ізденістерді жүзеге асырушы базалық ұйым мәртебесін беру туралы шешім жобасына, КСРО маршалы Г.К.Жуков атындағы жоғары әскери әуеден қорғаныс университетіне ТМД елдерінің бірлескен әуеден қорғаныс жүйесіне арнап мамандар дайындаушы базалық ұйым мәртебесін беру туралы шешім жобасына қол қою жоспарланған. Жалпы алғанда отырыста 11 құжатқа қол қойылады.
Сондай-ақ, мәжілістің күн тәртібінде ТМД мекемелерінің қызмет тиімділігін одан әрі арттыру, Ядролық қару таратпау жөніндегі келісім бойынша 2005-жылғы шолу конференциясына дайындық жұмыстары аясында ТМД елдерінің ядролық қару таратпауға қатысты ұстанымдарын үйлестіру, арам ақшаны ақтап алу құбылысымен қаржылық күрес шараларын дәйектеуші топқа (ҒАТҒ) ұқсас Еуразия аймақтық топ құру туралы мәселелерді талқылау жөнінде ұсыныстар келіп түскен.

Соңғы жаңалықтар