Минскде ТМД елдерінің сарапшылары еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын келісу үшін отырыс өткізеді
9-11-желтоқсанда Минскде ТМД елдері мен ТМД органдарының сарапшылары Достастық аймағы мемлекеттерінің еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын толықтыра дәйектеу үшін отырысқа жиналмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД елдері Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Сондай-ақ, сарапшылардың жиынында еңбек миграциясы және еңбек мигранттарын әлеуметтік қорғау туралы 1994-жылғы 15-сәуірдегі келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттама жобасын талқылау көзделген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін