Қылмыспен күрестің бірлескен шаралары жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарлама Сыртқы істер министрлерінің үшінші бірлескен отырысының, бас прокурорлардың үйлестіру кеңесінің, Ішкі істер министрлері кеңесінің, қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызмет басшылары кеңесінің, Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің, салық (қаржы) органдары басшылары үйлестіру кеңесінің, ТМД-ға қатысушы елдердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 2004-жылғы 8-сәуірдегі, сондай-ақ, ТМД үкімет басшылары кеңесінің 2004-жылғы 16-сәуірдегі шешімдерін жүзеге асыру үшін жасалып отыр.
Қылмыспен күрестің бірлескен шаралары жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламаны қабылдау қажеттігі ТМД-ға қатысушы елдердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күрестегі өзара ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатына сай туындады.
Бағдарламада қарастырылған шаралар кешені Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы қылмыстық ахуалға жасалған талдауға, қылмыс-қайшылықтардың өрбу ағымына жасалған болжамдарға, ғылыми зерттеулер нәтижесіне, қылмыспен күрес тәжірибесіне, соның ішінде бұған дейінгі бағдарламалардың жүзеге асырылу нәтижесі мен бірлескен шаралар тәжірибесіне негізделген.
Бағдарлама ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы, ТМД аясындағы қылмыспен күрес жөніндегі салалық және жарғылық органдардың өзара ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру мақсатын көздейді.
Бағдарламаның басты міндеті — ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықтың халықаралық құқықтық базасын нығайту және оның аясын кеңейту; ұлттық заңнамалрды жетілдіру және үйлестіру; өзара келісілген мекемеаралық шұғыл профилактикалық және арнаулы шараларды жүзеге асыру; өзара ынтымақтастықты ақпараттық және ғылыми қамтамасыз ету; маман дайындау және мамандық жетілдіру саласында ынтымақтастық орнату болып табылады.