ТМД саммитінде экономикалық, гуманитарлық және құқық қорғау салаларында көп жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланбақ.
Бірқатар келісімдерге және есірткіге бақылаудың халықаралық жүйесін күшейту туралы Мәлімдемеге қол қойылмақ.
Көшбасшылар Достастық халықтары мен әлем жұртшылығына арнап 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай жолдау қабылдайды, деп көзделіп отыр.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің отырысында Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері ЕурАзЭҚ жұмысын қорытып, оның қызметін тоқтату (2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап) туралы келісімге қол қояды
Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істей бастауына орай өзекті мәселелер талқыланбақ.