Минскіде Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскіде Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Минскіде Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

  • 7 Маусым 2011
  • 334
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомство басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің қарулы күштері бас штаб бастықтарының өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру және ҰҚШҰ Біріккен штабының қызметін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқыға салды.

Ұжымдық жедел оңтайландыру күштерін заманауи және қарудың үйлесімді үлгілерімен, әскер және арнайы техникамен жабдықтау мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Жалпы алғанда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ұжымдық қауіпсіздік күшінің құралдары мен сол күштерді пайдалануды регламенттейтін нормативтік-құқықтық база қалыптасты деп есептейміз. Саяси үйлестіру жүйесі сапқа қойылып, әскери ынтымақтастық айтарлықтай белсенді жұмыс істеуде», — деп атап өтті отырыс барысында ҰҚШҚ бас хатшысы Николай Бордюжа.

Соңғы жаңалықтар