Минскіде Ирак Республикасының елшілігі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскіде Ирак Республикасының елшілігі ашылады

Минскіде Ирак Республикасының елшілігі ашылады

Ирактың сыртқы істер министрінің орынбасары Аббауи Лябид Мажид Әзиз бастаған ирак делегациясы Минскіде жұмыс сапарымен жүр,

  • 21 Маусым 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сапар аясында беларусь-ирак СІМ аралық консультациялары өтіп, онда саяси саладағы қарым-қатынастарды кеңейтудің жолдары және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға жағдай жасау мәселелері талқыланады.

Тараптар сондай-ақ араб елдеріндегі, Таяу Шығыс және Орталық Шығыс, Солтүстік Африка мемлекеттеріндегі жағдайларды, басқа да өзекті халықаралық проблемаларды талқыламақ.

Ирак делегациясының сапарының аясында Ирак Республикасының Минскідегі елшілігінің салтанатты ашылу рәсімі жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар