Минскіде «Кулинарная дипломатия» кітабының салтанатты таныстырылымы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскіде «Кулинарная дипломатия» кітабының салтанатты таныстырылымы өтті

Минскіде «Кулинарная дипломатия» кітабының салтанатты таныстырылымы өтті

Минскіде «Кулинарная дипломатия» кітабының салтанатты таныстырылымы өтті. Бұл басылым Елшілердің, дипломаттар мен шетелдік өкілдердің зайыптарының Минск халықаралық әйелдер клубының авторлық жобасы болып табылады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылдың қаңтар айында қолға алынған бұл жобаға Минск халықаралық әйелдер клубының мүшелері кіретін 24 елдің 215 тағам рецепттері кіріп отыр.

Аспаздық дипломатия жобасының тең құрастырушысы, клубтың қайырымдылық комитетінің төрайымы, Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысының зайыбы Эльмира Киікованың айтуынша, Минск халықаралық әйелдер клубының негізгі мақсаты — түрлі мекемелерге — ауруханалар мен интернаттарға, балалар үйлеріне, сондай-ақ емделуге мұқтаж балалар мен мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсету. «Бүгінгі шарадан түсетін қаржының барлығын клуб Беларусь елінде жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық жобаларға жұмсайтын болады», деді Э.Киікова ханым.

Кеш барысында қайырымдылық лотерея ұйымдастырылды, одан түскен қаржының барлығы мұқтаждарға көмектесуге жұмсалады.

«Кулинарная дипломатияда» Қазақстанның ұлттық асханасына арналған тарау бар.

Соңғы жаңалықтар