Минскіде өткен ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер ҚМК кезекті отырысы бітімгершілікті үйлестіруді күшейту, әскерлердің жедел дайындығы мен әскери –техникалық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскіде өткен ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер ҚМК кезекті отырысы бітімгершілікті үйлестіруді күшейту, әскерлердің жедел дайындығы мен әскери –техникалық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады

Минскіде өткен ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер ҚМК кезекті отырысы бітімгершілікті үйлестіруді күшейту, әскерлердің жедел дайындығы мен әскери –техникалық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады

Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше-мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК) кезекті отырысы болып өтті. Оған Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бастаған Қазақстан Республикасы Қорғаныс ведомствосының делегациясы қатысты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 8 Маусым 2011
  • 411
Фото - Caravan.kz

Қорғаныс министрлері кеңесінің жұмысына Армения Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы мен Өзбекстан Республикасы қорғаныс министрліктерінің делегациясы қатысты.

Күн тәртібіне қойылған сегіз мәселенің қатарында бітімгерлікті үйлестіруді күшейту, әскерлердің жедел дайындығы мен әскери –техникалық ынтымақтастықты нығайту бар.

Сонымен бірге Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше-мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің 2010 жылы желтоқсандағы кезекті отырысында қабылдаған ҰҚШҰ қызметінің басты бағыттарын жүзеге асыру туралы шешімдерін жүзеге асыру туралы сұрақтар қарастырылды. Қорғаныс ведомстволарының басшылары сондай-ақ, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері бас штабтары бастықтарының өзара іс-қимылдары мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бірлескен штабының қызметін жетілдіруді ұйымдастыру мәселесін талқылады.

ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысында ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесі басқару органдарының жедел және жауынгерлік дайындығы шараларын 2011 жылы бірлесіп жетілдіру мәселесі де тақыға салынды.

Отырыс барысында қабылданған шешімдер көпжақты әскери ынтымақтастықты жетілдіруге және әскери саладағы өзара әріптестікті дамытуға бағытталған, – деп атап өтті Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. – ҰҚШҰ қызметінің басты бағыттарының бірі – қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл, халықаралық тұрақтылықты сақтау мен қолдау, жаңа қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы әрекет жасау.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше-мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы іскерлік пен сындарлы өзара сыйластық пен ашық пікір алмасу жағдайында өтті.

Соңғы жаңалықтар