Минскіде ТМД аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың жобасын келісу жөніндегі сарапшы топтың отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскіде ТМД аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың жобасын келісу жөніндегі сарапшы топтың отырысы өтеді

Минскіде ТМД аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың жобасын келісу жөніндегі сарапшы топтың отырысы өтеді

16-17-желтоқсанда Минскідегі ТМД Атқару комитетінің бас пәтерінде ТМД аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдаманың жобасы мен аталмыш тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі 2005-2008-жылдарға арналған кешенді шаралар жоспарының жобасын келісу жөніндегі сарапшы топтың отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Желтоқсан 2004
  • 533
Фото - Caravan.kz

Тұжырымдама мен кешенді шаралар жоспары осыдан бұрынырақ қабылданған ТМД шеңберінде ақпараттық кеңістік құру жөніндегі тұжырымдама мен ақпараттық саладағы мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысты басқа да құжаттарды дамыту арқылы жасалған.

Тұжырымдама жобасы Достастық аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекетаралық негізгі ынтымақтастық бағыттары, принциптері, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
Кешенді жоспар жобасына ТМД аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті құқықтық-нормативтік базаны қалыптастыру және дамытуға, ТМД-ға қатысушы елдердің Достастық аясында жүзеге асырып жатқан саясатын ақпараттық қолдауды пәрмендендіруге және алдағы уақытта Достастық шеңберінде ақпараттық саланы қорғаудың тиімді жүйесін құруға алғышарттар дайындауға бағытталған шараларды қамтиды.
Бұл жобалар ТМД-ға қатысушы елдер мен Достастықтың мүдделі мекемелерінде алдын-ала келісіліп, алынған ұсыныстар мен ескертпелер негізінде толықтырылған.

Перейти к новостям спорта