Минскіде ТМД саммитінде 15 құжат қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскіде ТМД саммитінде 15 құжат қабылданды

Минскіде ТМД саммитінде 15 құжат қабылданды

ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысы аяқталған соң 15 құжат қабылданды,

  • 10 Қазан 2014
  • 628
Фото - Caravan.kz

оның ішінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай ТМД мемлекет басшыларының әлем жұртшылығына арнаған жолдауы бар.

Сонымен қатар, "Есірткеге бақылаудың халықаралық жүйесін сақтау және күшейту туралы" мәлімдеме қабылданды.

Сондай-ақ 2016 жылды ТМД елдерінде Білім жылы ретінде жария ету туралы шешім қабылданды.

Кеңейтілген отырыс аяқталған соң Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге отырысқа қатысушылардың бәрі оның нәтижелеріне риза болды деп мәлімдеді.


Оның пікірінше, ТМД -Достастық елдерінің бірігуін күшейтетін бірегей саяси кеңістік болып табылады. "Ондай басқа алаңша жоқ", деп атап өтті ол.