Минскіде үкімет басшыларының кеңесінде ТМД экономикалық даму стратегиясы жобасын жасау мәселесі қаралмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскіде үкімет басшыларының кеңесінде ТМД экономикалық даму стратегиясы жобасын жасау мәселесі қаралмақ

Минскіде үкімет басшыларының кеңесінде ТМД экономикалық даму стратегиясы жобасын жасау мәселесі қаралмақ

Минск. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Минскіде 23 мамырда өтетін ТМД үкімет басшыларының кеңесінде ТМД экономикалық даму стратегиясы жобасын жасау мәселесі қаралатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Мамыр 2008
  • 548
Фото - Caravan.kz

«ТМД экономикалық даму стратегиясы жобасын жасау жөніндегі ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 2007 жылдың 5 қазанындағы және ТМД үкімет басшылары кеңесінің 2007 жылдың 22 қарашасындағы тапсырмаларын орындау барысы жөніндегі мәселе маңызды мәселелер сапында», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

ТМД мүше мемлекеттердің экономикалық ведомство басшыларының орынбасарлары деңгейіндегі стратегия жобасын жасау бойынша жұмыс тобы ұйымдастыру мәселелерін шешіп, құрылымы мен стратегия жобасының мазмұнын анықтады.

«Стратегия 2020 жылға дейінгі кезеңді қамтуы, сатылылық, басым бағыттар мен жүзеге асу механизмдерін бейнелеуі керек деп шешілді. Онда экономикалық интеграцияның мақсаттары мен міндеттері, ынтымақтастықтың жүйе құрайтын аспектілері, экономика саласындағы негізгі өзара іс-қимыл шеңбері суреттелді. Жұмыс тобының 16 мамырдағы кезекті отырысында стратегия жобасы негізінен мақұлданды. Оны ТМД Экономикалық кеңесінің қарауына 2008 жылдың 20 маусымында шығару туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті